Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясы
Талаптар
Ғылыми жарияланым авторы басшылыққа алуы тиіс қағидаттар
Автор (немесе авторлар ұжымы) ұсынылған нәтижелердің ғылыми жаңалығы, дәйектілігі және дұрыстығы үшін бастапқы жауапкершілікті өзіне алады, бұл төмендегі қағидаттарды сақтауды көздейді:
Нәтижелердің дәйектілігі: Авторлар зерттеу нәтижелерін дәл әрі тексеруге болатын түрде ұсынуға міндетті. Әдейі қате немесе қолдан жасалған деректер мен тұжырымдарға жол берілмейді.
Түпнұсқалық және дұрыс дәйексөз келтіру: Авторлар ұсынылған жұмыстың түпнұсқалығына кепілдік береді. Барлық алынған материалдар міндетті түрде авторын және бастапқы дереккөзін көрсете отырып рәсімделуі тиіс. Плагиаттың кез келген түрі (оның ішінде рәсімделмеген дәйексөздер, адал емес парафраз, өзге зерттеулердің нәтижелерін иемдену) этикаға қайшы және жол берілмейді.
Үлес қосқан тұлғаларды мойындау және сілтемелердің дұрыстығы: Зерттеуге ықпал еткен барлық тұлғалардың және ғылыми еңбектердің үлесін мойындау қажет. Мақалада маңызды дереккөздерге сілтемелер көрсетілуі тиіс.
Қайталама жарияланымға жол бермеу: Авторлар бір мезгілде басқа басылымға беріліп, қаралу үстінде тұрған немесе бұрын жарияланған қолжазбаны журналға жолдамауы тиіс. Бір мақаланы бірнеше журналға қатар ұсыну — этикаға қайшы тәжірибе.
Дұрыс қосавторлық: Қосавторлар құрамына зерттеуді әзірлеуге, нәтижелерді алуға және мәтінді дайындауға елеулі үлес қосқан барлық тұлғалар енгізілуі тиіс. Зерттеуге қатыспаған адамдарды қосавтор ретінде көрсетуге жол берілмейді.
Қосавторлардың келісімі: Қолжазбаны редакцияға жолдайтын автор мақаланың соңғы нұсқасына және оны журналға ұсынуға барлық қосавторлардың келісімін қамтамасыз етуге міндетті.
Қателерді түзету: Қарау барысында немесе жарияланғаннан кейін елеулі қателер/дәлсіздіктер анықталған жағдайда автор редакцияны жедел хабардар етіп, түзету енгізуге ықпал етуі тиіс (қажет болған жағдайда түзету/кері қайтару жариялауға дейін).
Қаржыландыру және мүдделер қақтығысы: Қаржыландыру болған жағдайда автор қаржыландыру көзін көрсетуге және қажет болғанда оның зерттеуді жүргізудегі және/немесе мақаланы дайындаудағы рөлін сипаттауға міндетті. Сондай-ақ ықтимал мүдделер қақтығыстары жария етілуі тиіс.
Журнал аталған этикалық қағидаттарға сәйкес келмейтін кез келген қолжазбаны қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Қаріп өлшемі:
Қосымша: жіберер алдында тыныс белгілерінен кейінгі бос орындардың дұрыстығын тексеру сұралады (әсіресе әдебиеттер тізімінде).
Аннотация: қазақ және орыс тілінде 200–250 сөз, ағылшын тілінде 300 сөзге дейін. Үш тілдегі құрылымы мен мазмұны бірдей болуы тиіс.
Аннотацияның ұсынылатын құрылымы:
Түйін сөздер: үш тілде 5–7 сөз/сөз тіркесі.
Кестелер Microsoft Word кесте форматында жасалуы тиіс. Кестелер нөмірленіп, мәтінде аталып өтуі қажет. Кесте атауы кестенің үстінде сол жақ шетке, қызыл жолсыз орналастырылады; атаудан бұрын және кейін жоларалық аралық сақталады. Кесте мәтіні 9 кегльмен рәсімделеді. Дереккөз көрсетілген ескертпе кестенің соңғы тұтас жолы ретінде беріледі.
Кесте 1 – Кесте атауы
|
Атауы |
Белгіленуі |
Көрсеткіші |
|
А |
P |
105 |
|
В |
T |
273 |
|
Ескертпе: Автор(лар) дереккөз негізінде құрастырған (…). |
||
Суреттер
Барлық суреттер араб цифрларымен (1, 2, …) ретімен нөмірленуі тиіс. Барлық фотосуреттер, диаграммалар, графиктер және сызбалар сурет ретінде белгіленеді. Жазулар мен шартты белгілер (символдар) сурет атауында немесе суреттің құрамдас бөлігі болып табылатын легендада нақты және түсінікті түрде көрсетілуі қажет.
Суреттерді Word құжатында топтастырылған (grouped) күйде ұсыну ұсынылады. Суреттер заливкасыз, қара түсті контурмен орындалуы тиіс; сурет ішіндегі мәтін 9 кегльмен рәсімделеді. Суреттерді мақала мәтінінде олар алғаш рет аталған орынға мүмкіндігінше жақын орналастыру қажет. Ескертпе (дереккөз және/немесе түсіндірме) сурет атауынан кейін беріледі.

Сурет 2 – Интернет-дүкеннің тауарлық ассортиментін басқаруды ұйымдастырудың құрылымдық-логикалық сызбасы
Ескертпе: Дереккөз негізінде құрастырылды (…..).
Теңдеулер
Теңдеулер мен формулалар MathType бағдарламасында теріліп, беттің оң жақ бөлігінде дөңгелек жақша ішінде араб цифрларымен рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Сондай-ақ олар негізгі мәтіннен бір жоларалық бос орынмен (жоғары және төмен жағынан) бөлініп берілуі қажет.
(1)
Мұнда:
— белгілеудің атауы (түсіндірмесі);
q — белгілеудің атауы (түсіндірмесі);
λ — белгілеудің атауы (түсіндірмесі).
Әдебиеттерді және мәтін ішіндегі сілтемелерді рәсімдеу
Әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер тізімі 20-25 дереккөзден тұруы тиіс, оның ішінде кемінде 50% — шетелдік дереккөздер және/немесе халықаралық дерекқорларда индекстелетін дереккөздер болуы қажет. Соңғы 3–5 жыл ішіндегі дереккөздерден кемінде 10 атауды (соның ішінде Scopus/Web of Science) енгізу ұсынылады. Журнал мақалалары үшін DOI міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Өзін-өзі дәйектеуге шектеу: әдебиеттер тізімінің 20%-ынан аспауы керек.
Мәтін ішіндегі сілтемелер
Сілтемелер автор–жыл форматында беріледі:
(Auezov, 1991)
Егер бір автордың бір жылда бірнеше еңбегі болса:
(Porsev, 2020a), (Porsev, 2020b)
Әдебиеттер тізімі тек ағылшын тілінде
References бөлімі тек ағылшын тілінде беріледі және APA стилі бойынша рәсімделеді. Ағылшын тіліндегі дереккөздер бастапқы (оригинал) нұсқасында көрсетіледі.
Егер дереккөздің түпнұсқасы қазақ немесе орыс тілінде болса, төмендегі үлгі бойынша рәсімделеді:
автор(лар) → (жыл) → транслитерацияланған атауы [ағылшын тіліндегі аудармасы квадрат жақшада] → басылым/шығу деректері (ағылшынша белгілеулермен) → (in Russian)/(in Kazakh).
Мысал: Kornilov O.A. (2011). Jazykovye kartiny mira kak proizvodnye nacionalnyh mentalitetov [Linguistic worldviews as derivatives of national mentalities]. Moscow: KDU, 350 p. (in Russian).
Мақаланы қабылдау алгоритмі
Техникалық тексеріс - 1 айға дейін (редакцияның бастапқы жауабы).
StrikePlagiarism.com арқылы плагиат және ИИ қолдану бойынша тексеріс:
Оригиналдылық ≥ 85%
Similarity 1 ≤ 20%
Similarity 2 ≤ 5%
Шектен асқан жағдайда редакция COPE қағидаларына сәйкес әрекет етеді. Шамалы асып кетулер кезінде авторға түзету енгізіп, қайта тексеруден өту мүмкіндігі беріледі.
Тексерістен өткен қолжазба қосарланған “анонимді” рецензиялауға жіберіледі (2 апта – 1 ай).
Рецензия қорытындысы бойынша: қабылдау / қайта жөндеу / қабылдамау.
Түзетілген мақала редакцияға 5 жұмыс күні ішінде қайтарылуы тиіс. Кері байланыс болмаған жағдайда материал қабылданбайды және әрі қарай қараудан алынады.
Жасанды интеллектті (ИИ) қолдану саясаты
Журнал ИИ құралдарын тек көмекші құрал ретінде (тілдік түзету, әдебиет іздеу, статистикалық есептеулер, визуализация) автордың толық бақылауымен қолдануға рұқсат етеді. ИИ қолдану фактісі қолжазбада (мысалы, «Әдістер» бөлімінде) міндетті түрде ашып көрсетілуі, құралдың атауы, нұсқасы және қолданылу саласы нақты жазылуы тиіс. ИИ автор ретінде көрсетілмейді. Мәтіннің дәлдігі, түпнұсқалығы және тұтастығы үшін толық жауапкершілікті автор(лар) көтереді.
ИИ қолдануды ашып көрсетпеу немесе плагиатқа қатысты бұзушылықтар санкцияларға, оның ішінде қолжазбаны қабылдамауға және 3 жыл мерзімге материал тапсыруға тыйым салуға әкелуі мүмкін.
Плагиат үшін санкциялар
Плагиаттың кез келген түріне жол берілмейді. Дәлелденген плагиаты 50%-дан жоғары қолжазбалар немесе мәтінді манипуляциялау анықталған материалдар қабылданбайды, ал автор(лар) «Орталық-Азиялық академиялық ғылыми орталық» журналдарына 3 күнтізбелік жыл бойы (автор және қосавтор ретінде) мақала тапсыру құқығынан айырылады.
Шығарылым және мақала қабылдау мерзімдері
Журнал жылына 6 рет шығады (әр 2 ай сайын).
Нөмірлер сайтқа ақпан, сәуір, маусым, тамыз, қазан, желтоқсан айларының соңына қарай шығады.
Қолжазбаны қараудың ең ұзақ мерзімі - 1–3 ай.